2022 жылғы 5-9 желтоқсан аралығында "Қарағайлы жалпы білім беретін мектебі" КММ-де оқушылар үшін "Код сағаты 2022 "акциясы өткізілді. Іс-шараның мақсаты-оқушылардың ақпараттық технологияларға, атап айтқанда қолданбалы бағдарламалауға қызығушылығын арттыру. Осы акция аясында информатика пәнінің мұғалімі Баймұхаметова Батила Тургинбайқызы және 11-сынып оқушылары еріктілер Папроцкая Екатерина мен Халилова Карина Бағдарламашы мамандығы мен жаңа технологиялар туралы айтып, оқушыларға бағдарламалаумен айналысуға тырысуды ұсынды.Барлық сабақтар жеңіл және қызықты түрде өткізілді, сондықтан оған ең жас оқушылар да қатыса алады. Акцияға барлығы 3-11 сыныптардың 45 оқушысы қатысты.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Қарағайлы жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Карагайлинская общеобразовательная школа отдела образования Алтынсаринского района» Управления образования акимата Костанайской области |
|
---|